Қазақстанда көлеңкелі экономика 40% құрайды
Қазақстанда көлеңкелі экономика 40% құрайды
8 жыл бұрын 3685 7kun.kz, easttime.ru Фото: delyagin.ru

Қазақстандағы Жалпы ішкі өнімге қатысты көлеңкелі экономиканың үлесі 40%-ды құрайды. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі жанындағы мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі, статистика басқармасы жетекшісінің орынбасары Ерлан Сағынаев қазақстандықтардың шетелдегі мүлкі мен қаржысы туралы соңғы мәліметтері келтіру барысында айтты.

«Тәуелсіз сараптамалардың нәтижесіне сәйкес, Қазақстан экономикасының 15%-дан 30-40%-ға дейінгі үлесі көлеңкелі. Мұның барлығы шетелдік айналым. Қаншасы заңдастырылатынын әзірге айта алмаймыз. Алайда, біз заңдастыруды бұрынғы қарқынмен жалғастыра береміз», — деді ол.

Сағынаевтың сөзінше, елден шығарылған капиталдың көлемі және оның кімге тиесілі екені туралы айтылған кез келген нақты ақпарат мемлекет құпиясы болады. Сондай-ақ, ол офшор капиталына қатысты күрес жалғасып жатқанын атап өтті.

«Әрине, офшор кез келген ел үшін үлкен мәселелердің бірі. Страсбург конференциясының аясында Қазақстан мен әлемнің 90 елінде 19 офшорлы құзырат ратификацияланған. Қазіргі кезде барлық елдермен ақпарат алмасу реттелу үшін офшорлы аймақтан капиталдарды шығару және онымен күрес жұмыстары жүргізіліп жатыр. Біздің жоспарымыз бойынша бұл Қазақстанда келесі жылдан бастап жұмыс істей бастайды», — деді Сағынаев.

0 пікір
Мұрағат