Маусым айының қорытындысы бойынша, Қазақстанның таза халықаралық резерві 366 млн долларға немесе 0,73% азайып, 49,8 млрд долларды құрады, делінген Ұлттық банк статистикасында. Көрсеткіш жыл басынан бері екінші ай қатарынан төмендеп отыр. Бұл туралы naryk.kz ақпарат көзі мәлім етті.
Жалпы халықаралық резерв бір айда 282 млн долларға (-0,54%) азайып, 52 млрд доллар болды. Олар еркін айырбасталатын валютадағы активтерден және монетарлық алтыннан тұрады.
Маусым айында валюталық резервтер 903 млн долларға (-4,37%) азайып, 19,7 млрд долларға жетті, ал алтын қоры керісінше 622 млн долларға (+1,96%) өсіп, 32,2 млрд долларға жетті.
Жалпы, жыл басынан бері шетел валютасындағы активтер 9,96% қысқарса, монетарлық алтын 35,29% өсті. Алтынды сатып алу және бағалы метал бағасының өсуі арқасында таза халықаралық резервтер қаңтармен салыстырғанда 14,41% өсті.
Бұл ретте Ұлттық қордың активтері бір айда 1% өсіп, 60,3 млрд долларға жетті.
Қазақстанның халықаралық резерві $112,3-ке жетіп, жыл басынан бері 7,4%-ға өскенін көрсетті
Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері жыл басынан бері 52 млрд долларға дейін, яғни 13,5%-ке ұлғайған.
Жалпы халықаралық резервтер жыл басынан бері 7,4%-ке өсіп, маусым айының соңында 112,3 млрд доллар болды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Үкімет отырысында айтты, – деп хабарлайды Аikyn.kz Үкіметке сілтеме жасап.
Ол Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері жыл басынан бері 52 млрд долларға дейін яғни 13,5%-ке ұлғайғанын атап өтті.
Ұлттық қордың активтері жыл басынан 2,6%-ке ұлғайып, 60,3 млрд долларды құрады.
«Ұлттық қорға түсетін түсімдер жыл басынан 1,8 трлн теңге, ал Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферт көлемі 3,1 трлн теңге болды. Ұлттық қордың 6 айдағы инвестициялық табысы 7,8% немесе 4,7 млрд доллар құрағанын атап өту қажет», – деді Тимур Сүлейменов.