|
БҰҰ: Әлемде 295 миллион адам аштықтан көз ашпай отыр
|
Әлемде аштық деңгейі алтыншы жыл қатарынан өсіп келеді, деп хабарлайды 24.kz
БҰҰ дерегіне сәйкес, аштық зардабын тартып отырған адам саны биыл 295 миллионға жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13 миллион 700 мың адамға көп. Әлемнің 50-ден астам елінде жағдай қиын. Оның негізгі себептері – климат өзгерісі, қарулы қақтығыстар және гуманитарлық көмектің жетіспеушілігі. Әсіресе, Газа секторы, Судан, Гаити, Ауғанстан, Пәкістан, Эфиопия және Кенияда жағдай ушығып тұр. Халықаралық гуманитарлық бағдарламалар бұл мәселені реттей алмай отыр, өйткені қаржыландыру көлемі өте аз.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Бұдан былай дәнекерлеушіні робот алмастырады (видео)
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)
■
Мұсылман елдерінің арасында криптовалютаны белсенді енгізіп жатқан ел аталды
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Ерлердің ұрпақ өрбітуде мүмкіндігі артатын жыл мезгілі аталды