Қазақстанның халықаралық резервтері жыл басынан 4,6 пайызға өсті
Қазақстанның халықаралық резервтері жыл басынан 4,6 пайызға өсті
8 жыл бұрын 2107 inform.kz

Елдің халықаралық резервтері жыл басынан бері 4,6%-ға өсіп, 95,6 млрд. АҚШ долларын құрады.

Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті.

Сондай-ақ, министрдің айтуынша, Ұлттық қордың активтері 64,9 млрд. АҚШ долларына жетті. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша өсім 2,1%-ды құрады.

Мамырдан бастап экономиканы кредиттеу қайта жандандырылуда. 1 тамыздағы жағдай бойынша кредиттер 0,5%-ға - 12,7 трлн. теңгеге дейін өсті. Жаңадан берілген кредиттер көлемі 2016 жылғы жеті айдың ішінде 5,4 трлн. теңгеге жетті, өсім -  7,8%. 

Қ. Бишімбаевтің айтуынша, онымен бір мезгілде, елдің сыртқы сауда айналымы қаңтар-шілде ішінде 29,6%-ға, яғни, 33,1 млрд. АҚШ долларына дейін қысқарды. Экспорт 20,0 млрд. АҚШ долларын (төмендеу 30,0%-ға), импорт  13,1 млрд. АҚШ долларын құрады (төмендеу 28,8%-ға).

"Инфляциялық процестердің бәсеңдегені байқалуда. Ағымдағы жылғы шілдеде жылдық инфляция 17,7%-ға дейін жетіп, бірте-бірте төмендей бастады. Тамызда  айлық инфляция 0,2%-ға дейін бәсеңдеді, жыл басынан 5,4%-ды құрады. Инфляцияға негізгі салымды азық-түлік емес тауарлардың 6,1%-ға қымбаттауы алып келді", - дейді министр. 

0 пікір
Мұрағат