|
Қазгидрометке жаңа басшы тағайындалды
|
Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің бұйрығымен Марат Қынатов «Қазгидромет» РМК бас директоры қызметіне тағайындалды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. Бұған дейін Марат Қынатов «Павлодар» АЭА басқару компаниясы» АҚ басшысы болды. Сондай-ақ, Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінде басқару және қаржы департаментінің директоры қызметін атқарған. «ЖамбылГидроЭнерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін басқарды.