Бақытжан Сағынтаев ҚР премьер-министрі болып тағайындалды
Бақытжан Сағынтаев ҚР премьер-министрі болып тағайындалды
8 жыл бұрын 2777 Tengrinews.kz

Бақытжан Сағынтаев ҚР премьер-министрі болып тағайындалды. 

"Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалсын", - делінген Жарлықта.

Бақытжан Сағынтаев әр жылдары өңірлік даму министрі, экономикалық даму және сауда министрі қызметтерінде болған. Павлодар облысының әкімі қызметін атқарды. 2014 жылдың 7 сәуірінен бастап ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалған еді.

Еске салайық, кеше, 8 қыркүйекте Кәрім Мәсімовтің ҰҚК төрағасы болып тағайындалғаны хабарланған болатын. Ал ҰҚК бұрынғы басшысыВладимир Жұмақанов Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды. Назарбаевтың айтуынша, министрлер кабинетінің отставкасынан кейін заң бойынша үкімет отставкаға кетеді. Сонымен қатар, үкіметтің қазіргі құрамы үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенше өз міндеттерін атқаратыны айтылды. Кейін елбасы жаңа үкімет құрамында айтарлықтай өзгерістердің болмайтынын мәлімдеді.

0 пікір
Мұрағат