«Дін және тарих тағылымы» жылында атқарылатын іс-шаралар жоспары бекітілді
«Дін және тарих тағылымы» жылында атқарылатын іс-шаралар жоспары бекітілді
8 жыл бұрын 3171 muftyat.kz

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен өткен Ғұламалар Кеңесінің ХІ отырысында «Дін және тарих тағылымы» жылына орай жүзеге асатын игі жобалар мен іс-шаралар жоспары талқыланып, бекітілді. Атап айтқанда:

* діни һәм тарихи кітаптар шығару;

* Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыстардағы, аудандардағы өкілдіктерінде «Дін және тарих тағылымы» атты конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу;

* ЮНЕСКО-ның 2016 жылды Ясауи жылы деп жариялауына орай, Қожа Ахмет Ясауидің өнегелі өмірі мен шығармашылығына арналған халықаралық конференция ұйымдастыру;

* қазақ даласынан шыққан дін қайраткерлері мен тарихи тұлғалар туралы, олардың діни туындыларына арналған деректі фильмдер мен зерттеу мақалалар, очерктер жариялау;

* бұқаралық ақпарат құралдарында «Дін және тарих тағылымы» атты бағдарламалар мен хабарлар ұйымдастыру, осы бастаманы халыққа жан-жақты насихаттау, т.б. игі жобаларды жүзеге асыру туралы шешім қабылданды.

0 пікір
Мұрағат