ЕЛІМІЗДІҢ ЖАС ҚАРИЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫНДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ (ФОТО)
|
Аталмыш сайыстың 1-орны Индонезияға, 2-орны Австралияға, 3-орны Малайзияға бұйырса, елімізден барған Дулат Болатбекұлы 4-орынға қол жеткізді. Қариымыздың қырағаты мен Құран оқу мақамына тәнті болған қазылар алқасының төрағасы, Мәдина қаласындағы Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) мешітінің Бас имамы Абдуль Муқсин әл-Қосим мырза тек Дулат қариымызды халық алдына шығарып, алғысын білдіріп, Қарилардың үлгі алуын сұрап, "Құранды оқысандар осылай оқындар", – деп өз қолымен Құран кітап сыйға тартты.
Абдуль Муқсин әл-Қосим мырза қариымызды арнайы Мәдина қаласына шақыртып, Ижаза беретіндігін айтты. Қарилар үшін Ижаза алу бас жүлдеденде жоғары және ен үлкен сый. Жас қариымыз жергелікті Индонезия каналына сұхбат беріп, Құран оқыды.