Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
1 жыл бұрын 1047 halaldamu.kz
Алматы облысы: «999» ас болсын сорпаханасы» және «Тамаша» асханалары сертификатталды 

ҚМДБ «Халал Дамудың» Алматы облысына жауапты өкілі Жұмабеков Жанәбіл кәсіпорындар басшылығымен кездесіп сертификаттарды табыстады.

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, Жамбыл көшесі, 103-те орналасқан «Жаңа Өмір» ЖК «999» ас болсын сорпаханасы»  және  Жамбыл көшесі, 56А-да орналасқан «Көктай» ЖК «Тамаша» тамақтану орны сертификатталды.

 Қоғамдық тамақтану орындарының тұтынушыларға ұсынатын тағам қоспалары, қызметі тексерістен өтті. Нәтижесі барлығының халал стандарты талаптарына сай келетіндігін көрсетті. Сертификаттың жарамдылық мерзімі – 1 жыл. Кафе қызметі мен өнімдері белгілі мерзім сайын тексерістен өтіп отырады.

Атырау облысы: «Мако» шұжық және ет консерві өндірісіне сертификат табысталды 

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы және ҚМДБ «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы  «Мако» сауда белгісімен танымал «Kулгазиева А.А» ЖК шұжық және ет консерві өндірісіне жаңартылған «QMDB Halal» сертификатын табыстады.
Аталмыш кәсіпорын Халал өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар Мекеменің қызметі ЖШС СТ 96090-1-2021 стандартына сай екендігін растайды.

Мекен-жайы: Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Өндірістік аймақ 31;

Мерзімі 07.02.2024 дейін жарамды. 

 БҚО: «Ет өнімі» сертификатталды 

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен БҚО бойынша өкіл Асылбеков Асхат «Ет өнімі» ЖШС шұжық өндірісіне «QMDB Halal» сертификатын табыстады. 

«Ет өнімі» кәсіпорны Орал қаласындағы бірегей шұжық цехтарының бірі. Кәсіпорынның түрлі өнімі кәсіпорнының «Ет -Байрам»,«Ас-Төре», «Керемет» сауда белгісімен шығарылады. Тағамдық қоспалары мен өзге де шикізат көздері технолог мамандар тарапынан тексеріліп және зертханалық сынақтан өткізілген. Бүгінгі бақылау-қадағалау барысында «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартының сақталуы және өнімдердің бекітілген талаптарға сай өндірілуі қадағаланды. Басшылықтың тікелей қатысуымен жүргізілген тексеріс барысында стандарт талаптарын бұзу жағдайлары анықталмады. Өнім өндірудің барлық кезеңі шариғат және халал стандарты талаптарына толықтай сай», – деп мәлімдеді Айбек Асқарбекұлы.

0 пікір
Мұрағат