Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
1 жыл бұрын 1109 halaldamu.kz
Астана қаласы: "Deraliye" рестораны сертификатталды 

Астана қаласындағы дәмханалар қатарына "QMDB HALAL" сертификатына сәйкес өнім өндіретін тағы бір дәмхана қосылды. Осы жолы "Deraliye" рестораны "Тамақтандыру қызметтері" және "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға, сатуға қойылатын жалпы талаптар стандарты" бойынша сертификатталды.

 Барлық қызметкерлердің жұмыс жасау барысы, санитарлық тазалық шарттарын сақтауы, Шариғат талаптарына сай емес өнімдерді қолданбауы, мекемеге шикізат өнімдерін тасымалдаушы кәсіпорындардың құжаттары, техникалық құрал-жабдықтардың стандарт талаптарына сай жабдықталуы, қаптамалардың адам денсаулығына зиянды болмауы секілді өнім өндіруден бастап тасымалдап сатуға дейінгі барлық процесс тексерілді.

 "Deraliye" рестораны "Халал Дамудан" сертификаттаудан өткендігін, дәмхананың "QMDB halal" стандартына толықтай сай екендігін хабарлаймыз!

"Прима Кус" құс фабрикасы сертификатталды 

Құс етінен жасалған қосалқы өнімдерді және шұжық өнімдерін өндіретін Қазақстан Республикасындағы ірі құс шаруашылығы кешендерінің бірі "Прима Кус" фабрикасы "QMDB HALAL" сертификатына ие болды. Сертификатты "Халал Даму" бас маманы Сафиев Данияр табыстады

Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Қырғызсай ауылдық округінде орналасқан, 2019 жылы құрылған ірі құс фабрикасы қызметінің негізгі бағыттары ет-жұмыртқа аралас өндіріс, құс етін өңдеу және консервілеу.

"Прима Кус" құс фабрикасының қуаттылығы жылына 35 мың тонна өнімді құрайды. Құрама жем зауыты, 24 құс үйі, инкубаторий, тазарту құрылыстары, сою және шұжық цехы бар. Ал 2022 жылдың желтоқсан айында инкубатор мен бройлерді бордақылау алаңдары толығымен дайындалды. "Прима Кус" инкубаторының ғимараты Нидерландыдан жылына 20 млн дана жұмыртқа инкубациялауға мүмкіндік беретін технологиялық жабдықтармен жабдықталған. Зауыт Росс-308 ет кресі гибридінің инкубациялық жұмыртқасының бірінші партиясын сатып алды. Құс еті ішкі нарық үшін де, экспортқа да шығарылады. 

"Прима Кус" құс фабрикасының өндірісі мен дайын өнімдері "Халал Дамудың" білікті мамандары тарапынан толықтай тексеріліп, нәтижесінде, аталған кәсіпорын "Мал бауыздау және ет өңдеу", "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға тасымалдауға және сатуға қойылған жалпы талаптар стандартына" сай деп танылды. "Ақтау-Агро" – еліміздің батыс өңіріндегі отандық өнімдерді өндіретін ең ірі кәсіпорындардың бірі. Сондықтан, отандық өнімдерді қолдауымыз керек", – деді Сафиев Данияр.

Жергілікті халықтың сұранысы нәтижесінде қуанышына айналған "Прима Кус" құс фабрикасына берілген "QMDB HALAL" сертификаты 07.03.2023-06.03.2024 мерзімі аралығында жарамды.Фабрика өнімдері толықтай тексерілгендігін, "QMDB HALAL" стандарты талаптарына сай екендігін хабарлаймыз!

 
0 пікір
Мұрағат