|
МӘУЛІТ КЕШІ ӨТЕДІ
|
Желтоқсан айының 7 жұлдызы Алматы қаласы Республика сарайында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен дәстүрлі Мәуліт кеші өтеді.
Кештің жаңа бағдарламасында тағылымды қойылымдар, діни әндер, бейнероликтер, сырлы монологтар болады. Бір күнде екі рет өтетін Мәуліт кешінің алғашқысы таңғы сағат 10:00-де, ал қайталауы түскі сағат 14:00-де.
Ғаламдардың мақтанышы, адамзаттың ардақтысы, көркем мінездің өшпес үлгісі, сүйікті Мұхаммед Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) туған күніне орай ұйымдастырылған Мәуліт кеші сіздерді шақырады.
Кеш билеттерін мешіт маңындағы діни тауарлар дүкенінен және Республика сарайы кассасынан ала аласыздар!
Анықтама телефоны: 8 (727) 397 6384
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мәйіттік донорлықты құптайтындар көбейді. Мәйіттік донорлықтың тәртібі мен құқықтық негіздері қандай
■
Paidax Қазақстандағы алғашқы исламдық долларлық жинақ шотын іске қосты
■
Елге кіргізілетін діни маңызы бар заттар үшін қосымша құн салығын алып тастауы мүмкін
■
Ауа температурасы Целсия бойынша 38 градустан асқанда жұмысты бірден тоқтату туралы шешім қабылдануы мүмкін
■
Азиялық шағын мемлекет демографиялық дивиденд алу үшін аз жылда 6,5 млн жұмыс орнын ашуы тиіс