Оразаға орай «сенім телефондары» іске қосылды
Оразаға орай «сенім телефондары» іске қосылды
9 жыл бұрын 3240

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде қасиетті Рамазан айына орай, оразаға байланысты туындайтын сұрақтар бойынша «Қауырт желі» іске қосылды, деп хабарлайды облыстық мешіттің баспасөз қызметі. 

Ораза айында халық тарапынан ауыз бекітуге байланысты және тарауих намазына қатысты, ораза шарттарына орай түрлі сұрақтар туындайтыны белгілі. Осы тұрғыда орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітіндегі 30-36-75 және 30-74-35 нөмерлі сенім телефондары тұрғындардың көкейінде туындаған сұрақтарына жауап беріп, ақпараттар ұсынуда.

Сенім телефондарына қоңырау шалған тұрғындарға ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің имамдары жауап беруде. Аталмыш қызметтің тұрғындарға сапалы көмек көрсетіп, нақты жауаптар алып, халықтың адасушылыққа, жалған ақпараттарға бой алдырмауына септігі мол.

1 пікір
Мұрағат