САРЫАҒАШТА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ (ФОТО)
САРЫАҒАШТА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ (ФОТО)
8 жыл бұрын 5730 muftyat.kz

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Қапланбек ауылында сәні мен салтанаты жарасқан «Қапланбек» атындағы жаңа мешіт ашылды. Ғибадат үйінің сыйымдылығы 700 адамға арналған. Мешіт бүгінгі заман талабына сай етіп жасалған.

Салтанатты шараға  ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз, ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек, аудан әкімі Бұқарбай Парманов және т.б. жергілікті жұртшылық қатысты.

Салтанатты шара алдымен Наиб мүфти Серікбай қажы Ораздың қасиетті Құран оқуымен басталды. 

Осыдан кейін құттықтау сөз алған ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жиналған мұсылман жамағатын жаңа мешіттің ашылуымен және алдағы кележатқан қасиетті Рамазан шәриф айымен құттықтады. «Мешіт -  елдің рухани байлығы. Онда жастарымыз діни іліммен қатар, адамгершілікті, парасаттылықты үйренуі ләзім» - деді Бас мүфти.  

Мұнымен қатар, Бас мүфти осы мешіттің бой көтеруіне себепкер болған, осы елдің тумасы жеке кәсіпкер Патехин Толқын, Патехин Нұрлан бауырларымызға өз ризашығын білдірді.

Сондай-ақ, ресми шара барысында  ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімінің орынбасары Сансызбай Құрбанұлы жиналған жамағатқа бірлік, ынтымақ туралы уағыз айтты. 

 

0 пікір
Мұрағат