Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
1 жыл бұрын 897 halaldamu.kz
Астана қаласы: «ТаттиАлеми» ЖК балмұздақ өндірісі сертификатталды 

«TATLICE» және «Halva Sarayi» сауда белгілеріне ие «ТаттиАлеми» ЖК мекемесі «QMDB halal» сертификатына ие болды. Сертификатты «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады. 

«Халал Дамудан» сертификаттаудан өтуге өтініш білдірген күннен бастап, тиісті бақылау-қадағалау шаралары жүргізіліп, технолог мамандардың қатысуымен барлық шикізаттары мен тағамдық қоспалары тексерілді. Бақылау жұмыстарының оң нәтижиесінен кейін «TATLICE» балмұздақ өндірісі «Халал Даму» стандартына лайық деп танылды.

«ТаттиАлеми» ЖК мекемесі сатып алушыларға балмұздақ, лимонад, халва, milhshake (сүтті коктейль) және шербеттің түр-түрін ұсынады.

«TATLICE» және «Halva Sarayi» сауда өнімдерін Астана қаласы, Ә.Бөкейхан көшесі 17 мекен жайы бойынша және @tatlice_official инстаграм парақшасынан таба аласыз.

БҚО: «Митхаус07» ет дүкені сертификатталды 

Орал қаласы «Митхаус07» ет дүкеніне «ҚМДБ халал» стандарты бойынша сертификат табысталды.

Ет дүкенінің халал стандарттарына сай қызмет ету ниетіне байланысты және арнайы тексерістерден кейін, «Халал Даму» ЖШС-нің Батыс Қазақстан Облысындағы жауапты өкілі Асылбеков Асхат мекеме басшылығына арнайы құжатты және қасапшылық сертификаттарды табыс етті.

«Митхаус07» ет дүкеніне берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі: 28.09.2022 – 27.09.2023.

«Митхаус07» ет дүкенінің мекен-жайы: Орал қаласы, Қ.Мырзали көшесі, 17

0 пікір
Мұрағат