Арахнологтар өрмекшілерді соншалықты құбыжық етіп көрсететіндердің кімдер екенін анықтады
Арахнологтар өрмекшілерді соншалықты құбыжық етіп көрсететіндердің кімдер екенін анықтады
1 жыл бұрын 977 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Таяудағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, өрмекшіге қатысты жаңалықтарда жаңсақ ұғымдар немесе асыра сілтеулер жиі кездеседі. Бұл жайында islam.kz порталы  бұл тараптағы зерттеу материалы жарияланған Current Biology мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, өрмекшіні құбыжық етіп көрсету үрдісі белең алып, тамырланып кеткен. Мұндай үрдістің қауіпті жағы сонда - жалпы адамзаттың өрмекшілерге деген көзқарасына әсер етеді. Ал бұл жайт өз кезегінде өрмекші популяциясының сақталуына теріс ықпалын тигізеді. Ғалымдар соңғы он жыл бедерінде түрлі мерзімді басылымдарда жарық көрген өрмекшіге қатысты мақалаларды талдады. Мұндай мақалалар ондаған елдерде жарық көрді, оларды әр өңірден келген авторлар жазғанымен, олардың жартысына жуығында қателер бар. Ал өрмекшілер туралы бұл өтірік анық теріс коннотацияға ие болды. Зерттеуде 2010 жылдан 2020 жылға дейін 81 елде 40 тілде жарияланған барлығы 5000-нан астам мақала сарапталған. Арахнолог Кэтрин Скотт Канададағы Монреалдағы МакГилл университетінде өрмекшілерді зерттеумен шұғылданатын ғалым ретінде аты шыққан. Білікті маманның айтуынша, өрмекшіге қатысты жағымсыз немесе жаңсақ ұғым барлық елде кездеседі, оны шағатын құбыжық етіп көрсетеді, шын мәнінде, өрмекші ешуақытта адамды шақпайды. Өрмекшілердің ғылымға белгілі 50 000-ға жуық түрлерінің тек бірнешеуі ғана қауіпті. Айналып келгенде қауіп төндіретін өрмекшілердің өзі адамдарды сирек шағады, оның өзінде мазасын алса ғана осындай әрекетке барады. Шын мәнінде, өрмекшілер ауру тарататын масалар сияқты жәндіктерді жеу арқылы адамдарды қорғайды. Осылай деген ғалым өрмекшілердің, әсіресе, пестицидтен қырылып жатқанын жеткізді.

0 пікір
Мұрағат