Қызылорда тұрғыны асық пішіндес көлік жасап шықты (видео)
Қызылорда тұрғыны асық пішіндес көлік жасап шықты (видео)
8 жыл бұрын 4381 24.kz

Қызылордалық Ақдидар Әбдіхалықов ұлттық нақыштағы асық пішіндес көліктің үлгісін жасап шықты. Қазақы ою-өрнектерімен көмкерілген бұл көлікті құрастыруға бір жылға жуық уақыт кетіпті. Автор туындысына «Асықпа!» деп айдар таққан. Көліктің қаңқасын ағаштан иіп, былғарымен қаптап, қыран бүркіттің бейнесін ұтымды үйлестіре білген. Темір тұлпардың жылдамдық тетігі қамшыға, ал орындықтары асыққа ұқсайды. Ақдидар тың дүниені жасау үшін тіпті өзінің жеңіл автокөлігін сатып жіберіпті. Ойы ұшқыр қызылордалық төл туындысының дизайнын енді патенттеп алмақшы. Ақдидар Әбдіхалықов, қала тұрғыны: - Бұны өзімізде қолданып, өзіміз мақтаныш еткенді тәуір көремін. Елбасымызға сыйға тартқым келеді. Патентін Елбасыға сыйға берсем деймін. Асық ойыны ұмыт қалмас үшін жасалған дүниенің бірі. 

0 пікір
Мұрағат