Дүниежүзілік жекпе-жек ойындары (WCG) Саудия жерінде алғаш рет өтетін болды
Дүниежүзілік жекпе-жек ойындары (WCG) Саудия жерінде  алғаш рет өтетін болды
4 жыл бұрын 2734 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Саудия астанасы 2023 жылы Дүниежүзілік жекпе-жек ойындарын (WCG) өткізу құқығына ие болды. Бұл жайында islam.kz порталы араб бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш жарыс жекпе-жектің 15 түрінен тұратын халықаралық мультиспорттық шараларды қамтиды. GAISF мультиспорттық ойындар жетекшісі әрі вице-президенті Стефан Фокстың айтуынша, бұл айтулы шара аясында жекпе-жек өнерінің көрнекті өкілдері семинарлар өткізеді, ағартушылық конференциялар ұйымдастырылады, тіпті, тұңғыш рет бұл салада бүкіл әлемдік гала-концерт қойылады. Жекпе-жек өнерінің аңызға айналған тұлғалары сап түзейтін болады. Бұл тарапта Саудияның Олимпиада комиетінің бас ассамблеясының (SAOC) арнайы салтанатты шарасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3