Өлім жазасы ең көп қолданылатын елде өлім жазасына қатысты талаптар жұмсартыла бастады
Өлім жазасы ең көп қолданылатын елде өлім жазасына қатысты талаптар жұмсартыла бастады
3 жыл бұрын 1707 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Қытай билігі адам құқығын қорғауда елеулі қадам жасады – өлім жазасына қатысты талаптар жұмсартыла бастады. Бұл жайында islam.kz порталы Синхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қоғамға еңбегі сіңген қылмыскерлер үшін өлім жазасы қолданылмауы мүмкін Бұл туралы Қытай халық республикасының жоғарғы халық сотының аға судьясы Ли Сяо мәлімдеді. Бұдан бөлек, өлім жазасы жасы 75-тен асқан қарттарға да қолданылмайтын болды – теі бір жағдайда ғана: қасақана кісі қанын мойнына жүктесе кешірім берілмейді. Сондай-ақ, сот мәжілісінде айыпталушының қорғаушысының пікірі барынша ескерілетінін жеткізді.

Осы орайда әлем бойынша өлім жазасы ең көп қолданылатын ел – Қытай екенін айта кету керек (өлім жазасына қатысты дерек құпия ұсталатынына қарамастан, сарапшылардың есебінше, шамамен жылына 15 мыңдай өлім жазасы қолданылады).  2015 жылы бір ғана жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлық бойынша 16 мыңнан аса адам өлім жазасына кесілгенін алға тартып отыр құқық қорғаушылар. Қытайдың қылмыстық кодексінің 49-шы бабында қылмысқа барған кезде жасы 18-ге толмағандарға өлім жазасын қолдануға тыйым салынған. Бұдан бөлек, кей жағдайларда өлім жазасын екі жылға шегере тұратын тәжірибе қолданылады. Әдетте мұндай мүмкіндік берілген қылмыскер қылмыстық кодекстің 50-ші бабы бойынша қасақана қылмыспен көзге түспесе, өлім жазасы өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасымен алмастырылады.

0 пікір
Мұрағат