Сауд Арабиясы Катар жанкүйерлерін тегін кіргізетін болды
Сауд Арабиясы Катар жанкүйерлерін тегін кіргізетін болды
2 жыл бұрын 1544 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Саудия билігі футболдан әлем чемпионатына Hayya card жанкүйерлігінің куәлігіне ие катарлық жанкүйерлерді тегін кіргізетін болды. Бұл жайында islam.kz порталы Saudi Press ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Hayya card деп аталатын катарлық Fan ID жанкүйерлерге әлем чемпионатының матчтарына баруына ғана қажетті емес, сонымен қатар, елге кіруі үшін де керек. Бұл тарапта Саудия жағы жанкүйерлерге арналған электронды визаны рәсімдеудің барлық шығынан өзі көтереді. Тамыз айында хабарланғандай, тұруға рұқсаты жоқ туристер қараша айының бас кезінен Катар аумағына футбол бойынша әлем чемпионатының жанкүйері екенін растайтын куәлікпен кіре алады. Осы орайда Катардағы әлем чемпионаты қарашаның 21-нен желтоқсанның 18-не дейін өтетінін естеріңізге сала кетпекпіз. Катардағы 2022 жылдың әлем чемпионатының рейтингісін Бразилия құрамасы бастап тұрғанын да айта кетпекпіз.

0 пікір
Мұрағат