Аса қауіпті дертті көз торынан анықтау жолы табылды
Аса қауіпті дертті көз торынан анықтау жолы табылды
2 жыл бұрын 1662 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Альцгеймер ауруының басталғанын күрделі және инвазивті ПЭТ сканерлеуінің орнына торлы қабықтағы ақуыздарды зерттеу немесе жұлын сұйықтығын талдау арқылы анықтауға болады. Бұл жайында islam.kz порталы атталмыш зерттеу материалы жарияланған изриалдік медицина қауымдастығының Harefuah мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Альцгеймер ауруы мидың жиырылуына (кішіреюіне), ми жасушалырының жойылуына, түбінде алжуға (деменция) алып келетін неврологиялық ауытқудың қатерлі түрі. Салдарынан бұл дертке шалдыққан адамның ойлау қабілеті төмендейді, әлеуметтік дағдысы өзгереді, соңында өзге біреудің жәрдеміне мұқтаж кемтар жанға айналады. Аталмыш аурудан науқасты құлан таза айықтыру мүмкін емес, алайда, дертті ерте анықтаса, оның зардабы ауыр салдарыен күресуге болады, дәлірегі, аурудың өршуін баяулатуға болады. Ерте диагностикалаудың маңызын ескерген Самсон Ассута-Ашдод университеті емнасының офтальмология бөлімінің дәрігерлері көздің торлы қабығында бета-амилоидты түйіршіктер мен тақталарды және ауытқуға ұшыраған тау ақуздарын іздеу арқылы Альцгеймер ауруын диагностикалаудың әлдеқайда оңай әдісін ұсынады. Артықшылығы - инвазивті емес құралдармен тікелей визуализация үшін көз торының болуы жеткілікті. Ғалымдардың айтуынша, көз торы орталық жүйке жүйесінің бір бөлігі болып табылады, оның жай-күйін бүгінде офтольмологтар пайдаланып жүрген озық технология көмегімен тексеруге болады. Көздің артқы жағындағы осы «экрандағы» фоторецепторлар жарықты сіңіреді және деректерді торлы ганглиондық жасуша қабатына жібереді. Бұл қабаттағы аксондар (ұзын жіңішке жүйке талшықтары) торлы жүйке талшығы қабатының бойына жиналып, көзге қосылған көру нерві арқылы миға мәліметтерді жібереді. Ғалымдардың гипотезасы бойынша көз торы мимен байланысқандықтан, көздің бұл бөлігіндегі өзгерістер мидағы патологиялық процестерді, оның ішінде Альцгеймер ауруының дамуын көрсетуі мүмкін. Өйткені, Альцгеймер ауруынан қайтыс болған адамдардың аутопсиясының торлы қабығынан амилоидты бета түйіршектері мен тақталары табылып отыр. Куркума – бета-амилоид түйіршегі мен тақталарына жабысатын ашық-сары түсті табиғи дәмдеуіш. Бұл бағыттағы арнайы жүргізілген тәжірибее барысында Альцгеймер ауруынан зардап шегетін 10 науқасқа және дені сау 6 адамға куркума капсуласын ішкізіп көрген екен. Бірнеше күннен соң олардың көз торы тексеріліп, зерттелген болатын. Нәтижесінде сары дәмдеуіш науқастардың көз торының жасушаларына жабысқан, ал сау адамның көз торының жасушаларынан кукурма табылмаған. Ғалымдар осындай тәсілдің қаншалықты иімді екенін тексеріп көру үшін артынан оптикалық когерентті томография және оптикалық когерентті томография ангиографиясын қоса алғанда, басқа да инвазивті емес ретинальды сынақтар арқылы Альцгеймер ауруының ерте басталғанын растады.

Шала ұйқы қартайғанда алжуға ұрындырады – зерттеу

Бұдан әйелдерге қарағанда ерлер бес есе азап шегеді. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған eClinicalMedicine мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Стресс, мазасыз өмір және шала ұйқы – организмнің конгнитивті функциясына кері әссерін тигізетін қауіпті триггерлер. Паркинсон дертін зерттеу нәтижесі көрсеткендей, маза қашқан ұйқы конгнитивті қабілетті төмендетіп қоймай, алжу қатерін арттырады. Бирмингем университетінің Абидеми Оайкоу есімді ғалымы шала ұйқының орта жастағы адамдарға (35 пен 64 жас) қандай қауіп төндіретінін анықтады. Бұл үшін ол жылдар бойы ұйқы сапасы мен адамдардың денсаулығын зерттеген алдыңғы үш зерттеу деректеріне жүгінді. Бұл тараптағы тәжірибеге барлығы 600-ден астам орта жастағы ересектер мен 79 және одан жоғары жастағы 2600 адам қатысты. Деректерді талдау өз кезегінде кімнің статистикалық тұрғыдан көбірек қорқынышты түс көргенін, тестілеу кезінде кімнің сәтсіздікке ұшырай бастағанын және бұл бағыттағы тәжірибеге қатысқандардың қайсысы деменцияға ұшырағанын анықтауға көмектесті. Аптасына кемінде бір рет мазасыз түс көретін орта жастағы адамдар тыныш ұйықтайтындарға қарағанда келесі онжылдықта когнитивті құлдырауды 4 есе көп сезінетінін анықтады. Шала ұйқы алжумен байланысты ақуыздардың жиналуына алып келетіні белгілі болып отыр. Мидың оң жақ маңдай бөлігіндегі нейродегенерация ұйқы кезінде эмоцияларды басқаруды қиындатады, бұл өз кезегінде қорқынышты түстердің пайда болуына әкеледі.

Алжуды 9 жыл бұрын болжауға мүмкіндік беретін белгісі табылды

Ғалымдар мидың зақымдану белгілері деменцияға байланысты диагноз қойылғанға дейін тоғыз жыл бұрын байқалатынын алға тартып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы alz-journals.onlinelibrary.wiley.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Кембридж университетінің ғалымдары деменциямен байланысты аурулардың дамуын анықтау үшін қолдануға болатын белгілерді анықтады. Оларды скрининг және ерте диагностика үшін пайдалануға болады. Зерттеушілер бұл тарапта Ұлыбританияның 40 пен 69 жас аралығындағы жарты миллион британдық үшін анонимді генетикалық, өмір салты мен денсаулығы туралы ақпаратты қамтитын биомедициналық деректер базасындағы мәліметтерді, яғни, Биобанк деректеріне талдау жасады. Ғалымдар кейінірек алжыған адамдардың бірнеше жылдар бұрын белгілі бір жағдайларда мәселелерді шешуде және сандарды есте сақтауда қиындықтарға ұшырағанын анықтады. Зерттеушілер Альцгеймер ауруына шалдыққан адамдар бірнеше жыл бұрын математикалық есептерді шешуге, реакция жылдамдығына арналған жаттығуларды орындауға және сандарды есте сақтауға келгенде сау адамдарға қарағанда нашар нәтиже көрсеткенін анықтады. Сонымен қатар, келешек жадының қызметінде ақау байқалған, яғни, не істеу керек екенін есте сақтай алмаған. Мұндай ауытқулар деменцияның сирек түрі - фронтотемпоральды дамыған адамдарда байқалды. Сонымен қатар, Альцгеймер ауруымен ауыратындар соңғы бір жылда сау адамдарға қарағанда жиі құлағанын атап өтті.

Ұқсас материалдар:

«Альцгеймер ауруын анықтаудың тың тәсілі пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/altsgeimer-auruyn-anyqtaudyn-tyn-tasili-paida-boldy-16421/#gsc.tab=0);

«Альцгеймер диагнозының жаңа тәсілі пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/altsgeimer-diagnozynyn-jana-tasili-paida-boldy-17408/#gsc.tab=0);

«Альцгеймер ауруына қатысты екі жаңалық» (https://islam.kz/kk/news/gylym/aligeimer-auruyna-qatysty-eki-janalyq-17317/#gsc.tab=0);

«Альцгеймер ауруына қатысты 3 жаңалық» (https://islam.kz/kk/news/gylym/altsgeimer-auruyna-qatysty-3-janalyq-17047/#gsc.tab=0);

«Альцгеймер ауруының құпиясы ашылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/altsgeimer-auruynyn-qupiyasy-ashyldy-16261/#gsc.tab=0);

«Альцгеймер ауруынан қорғайтын ген табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/altsgeimer-auruynan-qorgaityn-gen-tabyldy-15277/#gsc.tab=0);

«Альцгеймер ауруына қарсы елеулі ем түрі пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/altsgeimer-auruyna-qarsy-eleuli-em-turi-paida-boldy-16224/#gsc.tab=0);

«Альцгеймер, Паркинсон ауруларын тоқтатын тәсіл табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/altsgeimer-parkinson-aurularyn-toqtatyn-tasil-tabyldy-15512/#gsc.tab=0);

«Алжу қатерін арттыратын тағы бір ауру белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/alju-qaterin-arttyratyn-tagy-bir-auru-belgili-boldy-17389/#gsc.tab=0);

 «Алжу ауруына шалдығу қатері жоғары адамдар тобы белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/alju-auruyna-shaldygu-qateri-jogary-adamdar-toby-belgili-boldy-16979/#gsc.tab=0);

«Алжу қатерін арттыратын аурулардың бірі анықталды. Алжу қатерін анықтаудың оңай тәсілі пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/alju-qaterin-arttyratyn-aurulardyn-biri-anyqtaldy-alju-qaterin-anyqtaudyn-onai-tasili-paida-boldy-17186/#gsc.tab=0);

«Жоғарғы қан қысымы алжу қатерін арттырады. Кез келген жаста» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jogargy-qan-qysymy-alju-qaterin-arttyrady-kez-kelgen-jasta-14558/#gsc.tab=0);

«Артық салмақтың алжуға ұрындыратын қатері анықталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/artyq-salmaqtyn-aljuga-uryndyratyn-qateri-anyqtaldy-16395/#gsc.tab=0);

«Жас кезінде күйзеліске бой алдырғандардың қартайғанда алжу қатері артады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jas-kezinde-kuizeliske-boi-aldyrgandardyn-qartaiganda-alju-qateri-artady-15909/#gsc.tab=0);

«Тұйық адамдарда алжу қатері жоғары болады – зерттеу» (https://islam.kz/kk/news/gylym/tuiyq-adamdarda-alju-qateri-jogary-bolady-zertteu-16977/#gsc.tab=0);

 «Алжуға жақын қан тобы анықталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/aljuga-jaqyn-qan-toby-anyqtaldy-16263/#gsc.tab=0);

«Алжудан қорғайтын ген табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/aljudan-qorgaityn-gen-tabyldy-16024/#gsc.tab=0);

«Алжу да жұқпалы дерт болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/alju-da-juqpaly-dert-bolyp-shyqty-13468/#gsc.tab=0);

«Ғалымдар намаз бен медитацияның миға әсерін салыстыра келе таңғажайып тұжырымға келді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-namaz-ben-meditatsiyanyn-miga-aserin-salystyra-kele-tangajaiyp-tujyrymga-keldi-15610/#gsc.tab=0);

«Созылмалы аурудың алжуға ұрындыратыны белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/sozylmaly-aurudyn-aljuga-uryndyratyny-belgili-boldy-15626/#gsc.tab=0);

«Қан қысымы мен сусамыр ми құрылымын өзгертеді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qan-qysymy-men-susamyr-mi-qurylymyn-ozgertedi-14102/#gsc.tab=0);

«Болашақта пайда болатын емі жоқ аурудың белгісі аталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bolashaqta-paida-bolatyn-emi-joq-aurudyn-belgisi-ataldy-14856/#gsc.tab=0);

"Деменция" (http://islam.kz/kk/news/alem/dementsiya-11669/#gsc.tab=0);

«Алжуды 7 жыл бұрын болжауға мүмкіндік беретін биомаркер табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/aljudy-7-jyl-buryn-boljauga-mumkindik-beretin-biomarker-tabyldy-16876/#gsc.tab=0);

"2050 жылға дейін алжудан зардап шегетіндер қарасы 139 млн адамға жетпек" (https://islam.kz/kk/news/alem/2050-jylga-deiin-aljudan-zardap-shegetinder-qarasy-139-mln-adamga-jetpek-15701/#gsc.tab=0);

«Орта жастағы үрейлі түстер қауіпті дерттің белгісі болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/orta-jastagy-ureili-tuster-qauipti-derttin-belgisi-bolyp-shyqty-17464/#gsc.tab=0);

«Түнгі қорқынышты түстер қатерлі аурудың белгісі болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/tungi-qorqynyshty-tuster-qaterli-aurudyn-belgisi-bolyp-shyqty-16933/#gsc.tab=0);

«Тұңғыш рет ми импланты арқылы Паркинсонмен ауыратын науқас жазылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/tungysh-ret-mi-implanty-arqyly-parkinsonmen-auyratyn-nauqas-jazyldy-16699/#gsc.tab=0);

"Паркинсон ауруының ерте білінетін тағы бір белгісі аталды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/parkinson-auruynyn-erte-bilinetin-tagy-bir-belgisi-ataldy-14760/#gsc.tab=0);

"Иіс сезу қабілетін жоғалту емі жоқ аурудың белгісі болып шықты" (https://islam.kz/kk/news/gylym/iis-sezu-qabiletin-jogaltu-emi-joq-aurudyn-belgisi-bolyp-shyqty-14696/#gsc.tab=0

0 пікір
Мұрағат