40 күн нифастан кейін тағы қан келді, намазды не істеймін?
40 күн нифастан кейін тағы қан келді, намазды не істеймін?
8 жыл бұрын 8416

Әссәләмуғалейкум! Босанғаныма бүгін 42 күн болды. 40 күн өткеннен кейін тазардым. Алайда, бүгін қайтадан қан ағып тұр. Кішкене де емес. Сұрағым: намазымды үзір хәлінде оқи берейін бе? Қайтадан ғұсыл алу керек пе?

Уағалейкум әссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Сіздің жағдайда екінші мәрте келген қан – үзір қаны. Неге десеңіз, 40 күн өткеннен соң келген қанды «хайыз» ретінде есептеуіміз үшін арадан ең кемі он бес күн өтуі тиіс[1]. Ол күндерді шариғатта «Әйямут Тухр», яғни, «тазалық күндері» деп атайды. Сұрағыңыздан түсінгенім бойынша, сіз қырық күндік нифастан соң бір күн өтіп, екінші күні қан көріп тұрсыз. Сол себепті, оны - «үзір қаны» дейміз. Ол үшін қайтадан ғұсыл алу шарт емес. Намаздарыңызды әдеттегідей оқисыз, тек, әр уақытылы намазға дәрет жаңартып тұруыңыз керек.

Осы орайда, әйел гинеколог маманға көрінуді де ұмытпаған жөн.


[1] Ибн Ғабидин: Раддул мухтар – 2/251 бет.

Абдусамат Қасым