Әйел адам ғұсыл алған кезде құлағындағы тесігіне су тигізуі шарт па?
Әйел адам ғұсыл алған кезде құлағындағы тесігіне су тигізуі шарт па?
8 жыл бұрын 9993

Әссәләмуғалейкум уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ! Әйел адам ғұсыл алғанда құлағындағы сырға тағатын тесігіне су тигізуі шарт па? Серікжан

Уағалейкум әссәләм уа рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Ханафи ғалымы Хасан әш-Шүрунбуләли (Х.993-1069 ж.) өзінің «Мәрақил Фәләх» атты фиқһ кітабында былай деп өткен:

«Құлақтағы сырғаны да ғұсылда қозғалту шарт, себебі оның орны тар (су өтетіндей емес)...»

Демек, әйел кісі ғұсыл алғанда құлағындағы сырғасын ары-бері жүргізіп қозғалтуы ләзім.  Бұл – құлағында сырғасы болған күйі ғұсылданған әйелге қатысты. Ал, құлағында сырғасы болмаған жағдайда сырғаның орнындағы тесікке суды тигізу шарт емес. Сырғалықтағы тесіктің орнын саусағымен ұқалап ысқылап жіберсе жеткілікті.

 

Абдусамат Қасым