Ассаламу алайкум! Әйел адам үйінде Құран жаттайтын кезде әурет жерлері жабық болуы керек па? Қанат
|
Әйел адам үйінде Құран оқығанда ғаурат жерлері жабық болуы керек пе?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Ертеректегі ғалымдар: «Кұран оқитын кезде әкімге кірерде киінетіндей киініп отыр» дейтін. Құран Кәрімді оқып, жаттау - ғибадат саналады. Ал, ғибадат жасайтын адам үстіндегі киімін ретке келтіруі тиіс. Оның үстіне, Құран оқыған адамның жанына періштелер келеді делінген. Сондықтан да, әйел кісі Құран тыңдауға келген періштелерді қашырмау үшін және Құранға деген құрметі ретінде дәл намаздағыдай тұмшаланбаса да, басына орамал орап, ғаурат жерлерін жабатындай киім киіп отырғаны абзал.
Өзекті сұрақтар
■
Зекет берерде меншігімдегі мал мен ақшаны қосып есептеуім керек пе?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Яжүж бен Мәжуж қай ұлтқа жатады?