Ассаляму Алейкум Уа Рахматуллахи Уа Баракатух! Сұрайтын адамым болмағансоң, осында жазуға мәжбүр болып отырмын. Баламды босанғаннан кейін жыныстық мүшемнен отырып-тұрсам кішкене мөлшерде жел шыға береді, дәретім бір сәждеге келгенде бұзылып кете береді. Ол нәрсе 1000 рет дәрет алсам да отырып, тұрсам болды жел шығады. Шарасызбын. Ондай жағдайда намазды қалай оқысам екен? Жалғастырып кетсем қабыл болмай ма?
|
Әйелдерге қатысты: Дәретке байланысты сұрақ
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Сенім артқаныңызға рақмет. Ханафи мәзхабы бойынша (және Мәлики мәзхабында да) ердің не әйелдің жыныс мүшесінен шыққан жел дәретті бұзбайды. Әрі намазға да зияны жоқ. Сондықтан да, намаз оқып тұрып ондай нәрсе орын алған жағдайда, намазыңызды бұзбастан оқи бересіз. Бірақ, арттан шыққан жел себепті дәрет бұзылатындығын ескерткім келеді.
Алла қабыл етсін!
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?