Хайыз тоқтап, бір аптадан соң қайта көрінді, үкімі қалай?
Хайыз тоқтап, бір аптадан соң қайта көрінді, үкімі қалай?
4 ай бұрын 1117

Ассаляму алейкум! «Гормональное нарушение» болып хайыз біткен соң, 1 аптадан кейін тағы қан келсе хайыз саналады ма?

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәрәкәтуһ!

Ереже бойынша, он күннен аса қан келсе, «әдет күндері» ғана хайыз күндері ретінде есептеліп, қалған күндері истихаза (үзір) қаны саналады. Әдет күндері деп, әдетте хайыз тоқтап жүрген күнді айтамыз. Мысалы, сізде әдетте бес күнде тоқтайды делік, бұл жолы да әдетінше бес күнде тоқтап, алайда жеті күннен соң тағы көрінген болса, бас аяғы - он екі күн болады, яғни, он күннен асып тұр. Бұл жағдайда, әдетте тоқтап жүрген күндеріңіз хайыз күндері болып есептеледі, мысалда, ол бес күн, қалған күндері үзір қаны саналады.

Демек, сіздің жағдайды да осыған сәйкестендіріп топшыласаңыз болады: хайыз тоқтағаннан кейін бір аптадан соң қайта келсе, бас аяғы он күннен асып тұрса, әдетте тоқтап жүрген күндер ғана хайыз күндері саналып, қалған күндер үзір қаны саналады.

Абдусамат Қасым