Сәлеметсіз бе! Ораза кезде спираль салуға бола ма?
|
«Спираль» салдыру оразаны бұза ма?
|
Сәлеметсіз бе!
Құрметті сауал жолдаушы! Ауыз берік кезде келесі жолдардан ішке «түбегейлі еніп, орныққан» заттар оразаны бұзады:
- Ауыз (жұтылса).
- Мұрын (мұрын арқылы тамаққа кетсе).
- Құлақ. (құлаққа су кетсе бұзбайды делінген).
- Қынап.
- Тік ішек (артқы қуыс).
Осы жолдар арқылы әлдебір зат толықтай енсе, оразаны бұзады делінген Ханафи кітаптарында. Ұлы сөздің ұяттығы жоқ, спираль да қынап арқылы толық еніп, іште орнығатындықтан оразаны бұзады деуге негіз бар, Рамазаннан кейін бір күн қазасын өтеу керек болады. Ал ауызашқаннан кейін салдыру оразаға зияны жоқ. Ең дұрысы Аллаға мәлім!
Өзекті сұрақтар
■
Зекет берерде меншігімдегі мал мен ақшаны қосып есептеуім керек пе?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Яжүж бен Мәжуж қай ұлтқа жатады?