Мысалы, Хайыз он күн болса, он күннен кейін тағы хайыз сияқты бөлінсе, ол кезде намаз бола ма? Және әйел адам хайыз бітіп ғұсыл алмай күйеуімен қатынасқа түсе ала ма? Анон.
|
Хайызға қатысты сұрақ
|
Әлхамдулилләһ. Уассәләту уәссәлму аля расулиллә!
Құрметті сауал жолдаушы, сауалыңыздан түсінгеніміздей сіздің жағдайда хайыз он күн келіп тоқтаған, бірақ арадан он күн өтіп, тағы қан көрінген. Бұл жағдайда не істемек керек?
Ереже бойынша екі хайыз арасы - ең аз 15 күн болуы керек. Сіздің жағдайда арадан он күн өткендіктен, ол хайыз емес, үзір қаны саналады. Намазды оқып жалғастыра бересіз. Ғұсыл жаңаламайсыз.
Және бұл жағдайда мына мәселеге назар аудару керек:
- Егер, сіздің әдетте хайыз тоқтайтын күніңіз 10 күн болса, яғни, әдетте хайыз он күн келіп тоқтап жүрсе, сауалдағы жағдайда ештеңе керек емес.
- Ал егер сіздің әдетте хайыз тоқтайтын күніңіз он күннен аз болса, мысалы, 7 күн болса, сауалдағы жағдайда сіздің хайыз күндеріңіз жеті күн болып саналып, қалған үш күндік оқылмаған намаздың қазасын өтеп алуыңыз керек.
Ең дұрысы - Аллаға мәлім! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?