Айға қарап дәрет сындырма деген ырымның негізі бар ма? Неге олай айтылған?
Айға қарап дәрет сындырма деген ырымның негізі бар ма? Неге олай айтылған?
1 ай бұрын 7546

Айға қарап дәрет сындырма деген ырымның негізі бар ма? Неге олай айтылған? 

"Айға қарап дәрет сындырма" деген сөз бекер айтылмаған, ондай ырымының негізі бар, шариғатта ондай әдеп кездеседі. Мәселен бір әлсіз риуаятта: «Алла елшісі кісінің күнге қарап әуретін ашуын тыйды және айға қарап әуретін ашуын тыйды» делінген (бұны хадис емес дейтін ғалымдар да бар). Осыдан келіп шариғат кітаптарында ай мен күнге қарап дәрет сындыру жеңіл мәкруһ (ұнамсыз) саналған1. 

Оның мәні неде десеңіз, оның мәнін «ай мен күннің Алланың нұры» болуларымен байланыстырған. Екі планета да Алланың құдіретінің бірегей белгілерінің бірі және ол екеуінде Алланың нұры бар, сол себепті күн мен айға қарап дәрет сындыру хош көрілмеген деседі. Кей ғалымдар оның мәнін "екі планетада періштелердің болуы" себепті деп түсіндіруге тырысқан. Кей ғалымдар оны ай мен күнге құрмет ретінде ол екеуіне қарап әжетін өтеуге болмайды дейді. 

Алайда, бұл ырым көбіне ашық аспан аясына түзге шыққанға қатысты, ал аспан бұлтты кезде немесе ғимараттың ішіндегі әжетханаға отырғандағы жағдайға қатысы жоқ, өйткені ай мен күн көрінбесе әжетін өтей береді2. 

Ең дұрысы Аллаға мәлім! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!  


Ибн Ғабидин: «Роддуль Мұхтәр» - Истинжа тарауы; әл-Мәрдәуи: «әл-Инсаф»; әл-Бүһути.
Ибн Ғабидин: «Роддуль Мұхтәр» - Истинжа тарауы.

Абдусамат Қасым