Ант кәффәратын кешіктіріп өтеуге бола ма, әлде бірден өтеу керек пе?
Ант кәффәратын кешіктіріп өтеуге бола ма, әлде бірден өтеу керек пе?
2 ай бұрын 1091

Ассалямуалейкум ұстаз ант кәффәраттарын кейінге қалдырса болама қазыр ораза ұстау ауыр болып жүр?

Әлхамадулилләһ. Уәссаләту уәссәләму аля Расулилләһ.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Кәффараттарды кешіктіріп өтеуге болады. Ханафи мәзхабында дұрыс қабыл етілген үкім осы. Сондықтан да, мысалы, бір себептермен ант кәффаратын кешіктіріп өтеп жатсаңыз күнәһар болмайсыз, міндетті орындаған боласыз. Алайда, ант кәффараты бар мұсылман өмірден өтемей өтіп кетсе, күнәһар болады1Ант кәффараты - берген антын бұзған кісінің өтеуі керек амал. Үкімі - уәжіп. Ант Кәффараты - орташа ас түрімен он міскінді тамақтандыру немесе он міскінді киіндіру, яки, бір құл азат ету арқылы жүзеге асады. Бұл үшеуіне шамасы жетпейтін мұсылан үш күн қатарынан ораза ұстауы тиіс. Ант кәффараты жайында Құранның «Мәида» сүресінің 89 аятында айтылған: 

فَكَفَّارَتُهُ إِطْعَامُ عَشَرَةِ مَسَاكِينَ مِنْ أَوْسَطِ مَا تُطْعِمُونَ أَهْلِيكُمْ أَوْ كِسْوَتُهُمْ أَوْ تَحْرِيرُ رَقَبَةٍ فَمَنْ لَمْ يَجِدْ فَصِيَامُ ثَلاثَةِ أَيَّامٍ ذَلِكَ كَفَّارَةُ أَيْمَانِكُمْ إِذَا حَلَفْتُمْ 

«Анттың кәффараты - отбасыларыңды тамақтандырар тамақтың орташасынан беріп он міскінді тамақтандыру немесе оларды киіндіру яки бір құл азат ету. Бұл үшеуінің біреуіне шамасы жетпеген кісі үш күн ораза ұстайды. Бұл айтқандарымыз - бұзған анттарыңның кәффараты»2


1  Имам Кәсәни: «әл-Бәдәиъу Санаиъу». - Кәффараттар бөлімі.
2  Құран Кәрім: «Мәида» сүресі, 89 аят.

Абдусамат Қасым