«Алла адамды өзінің бейнесінде жаратты» деген хадисті қалай түсінуге болады?
«Алла адамды өзінің бейнесінде жаратты» деген хадисті қалай түсінуге болады?
5 жыл бұрын 7987

«Алла адамды өз бейнесінде жаратты» деген хадисті қалай түсінуге болады?

Бұхари мен Мүслімнің хадистер жинағында келтірілген ол риуаятта былай делінеді:  

خَلَقَ اللَّهُ آدَمَ عَلَى صُورَتِهِ طُولُهُ سِتُّونَ ذِرَاعًا ... فَكُلُّ مَنْ يَدْخُلُ الْجَنَّةَ عَلَى صُورَةِ آدَمَ 

«Алла Тағала адам баласын оның бейнесінде жаратты. Бойы– алпыс зираъ етін... Пейішке кіретіндердің бәрі Адамның бейнесінде болады...»[1].   

Осы хадистегі «оның бейнесінде» сөзіндегі «һү» есімдігі «Адам атаға» қатысты болып отыр. Яғни, Адам ата қандай бейнеде болса, ең басында сол бейнеде жаратты деген ұғымда. Кейінгі ұрпақтары сияқты, бір тамшы ұрықтан пайда болып, белгілі жаратылыс кезеңдерінен өтпеді. 

Бұл хадис дарвиншілер мен атейстердің тұжырымдамаларын да жоққа шығарады. Адам баласының ең бірінші атасы олар ойлағандай маймыл тәріздес емес етін. Оны Алла Тағала о баста жаратқанда толыққанды адам бейнесінде жаратты.

Кейбір деректерге қарағанда, Пайғамбар кезінде әлдебір адам бір баланы ұрады. Оны көрген Алла елшісі ол әрекетін тыйып: «Шынында Алла Тағала Адамды (Адам атаны) оның бейнесінде (яғни, ұрған баланың бейнесінде) жаратқан» деген екен. Осыған қарағанда, хадистегі «оның бейнесінде» дегендегі «һу дәмиры» (һу есімдігі) ұрылған балаға қатысты болып тұр.

Осы дерекке ұқсас мынадай хадис те бар. Онда Алла елшісі былай деген:

«إِذَا ضَرَبَ أَحَدُكُمْ فَلْيَتَجَنَّبْ الْوَجْهَ وَلَا تَقُلْ قَبَّحَ اللَّهُ وَجْهَكَ وَوَجْهَ مَنْ أَشْبَهَ وَجْهَكَ فَإِنَّ اللَّهَ تَعَالَى خَلَقَ آدَمَ عَلَى صُورَتِهِ.

«Егер, біреу ұратын болса, беттен ұрудан ұзақ тұрсын. Және де «Алла түріңді және сенің түріңе ұқсайтындардың түрін жаман етсін» (түрің құрсын)» деп айтпа! Шынында Алла Тағала Адамды оның бейнесінде жаратқан»[2].

Ал, енді хадистегі «оның бейнесінде» деген сөзді «Алла оны өз бейнесінде жаратқан» деп қабылдаған күннің өзінде, оны тура мағынасында ұғынбаған жөн. «Алланың үйі» делінгенде Алланың үйі бары ойға келмейтіні секілді, мұнда да Алланың бейнесі бары ойға келмеуі керек. Алла ешкімге ұқсамайды. Ол дара. Оған бейне, не сурет тән емес. Оны «Алла Адамды өзінің кейбір сипаттарына ұқсатып жаратқан» деп түсінуге болады. Мысалы, Алла - көруші. Адамда да көру қабілетін жаратты. Алла естуші. Адамға құлақ арқылы есту қабілетін берді. Алла мейірімді. Адамға да мейірім сипатын берді. Т.б.  


[1] «Сахих Бұхари; «Сахих Мүслім».; Имам Ахмадттың риуаятында Адам атаның бойының ұзындығы алпыс зираъ, ал ең жеті зираъ екендігі айтылады: كَانَ طُولُ آدَمَ سِتِّينَ ذِرَاعًا فِي سَبْعَةِ أَذْرُعٍ عَرْضًا.  Алпыс зираъ - шамамен 30 метр.
[2] Имам Ахмад. Мүснәд. 

Абдусамат Қасым