Сұрақ: Ассаламу алейкум. Айтыңызшы, егер отбасында тек қыздар ғана қалса, олар ата-анасын жерлеу кезінде зират басында бола ала ма және қабірге жақындауына бола ма? Егер олар өзін сабырлы ұстап, жыламай, айқайламай тұрса?
|
Отбасында тек қыздары ғана болса, олар әкесінің жерлеуіне қатыса ала ма?
|
Уағалейкумуссәләм!
Егер жерлейтін ешкім болмаса, әрине, қыздары апарып, жерлейді. Бірақ ондай жағдай өте сирек кездеседі. Әдетте, үйде ер адам болмаса да, көршілері мен ауылдастары бірауыздан ұйымдасып, жерлеп жатады. Мұсылманды мұсылманша жер қойнауына тапсыру - сол айналадағы мұсылмандарға парыз-кифая. Мұндай жағдайда әйел затына жерлеу күні зиратқа бару – құпталмайды (яғни, харамға жақын мәкруһ), бірақ кейінірек жерлеп болғаннан кейін баруға болады.
Өзекті сұрақтар
■
Зекет берерде меншігімдегі мал мен ақшаны қосып есептеуім керек пе?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Яжүж бен Мәжуж қай ұлтқа жатады?