Апалы-сіңлілер о дүниеде кездеспейді деген сөз рас па?
Апалы-сіңлілер о дүниеде кездеспейді деген сөз рас па?
5 ай бұрын 5625

Апалы-сіңлілер о дүниеде кездеспейді деген сөз рас па?

Әлхамдулиллә. Уассаләту уәссәләму аля Расулиллә.

Құрметті сауал жолдаушы, мархұм болған апалы-сіңлілер егер Алланың рахымына бөленіп, нығметке бөленгендер қатарынан болса, о дүниеде бір-бірлерімен кездеседі. Риуаяттарда, о дүниеде рахымға бөленген рухтар нығметте болып, еркіндікте кезіп, бір-бірлерімен кездесетіндіктері айтылған. Ал Алланың азабына тап болғандар, тозақ шұңқырларының бірінде қамауда болады, олар нығметке бөленгендермен кездеспейді. Алла Тағала мархұм болған туыстарымызды өзінің рахымына бөлеп, о дүниеде рақаттық сыйласын. Әмин.