Әссәләмуғалейкум! Кеше әлеуметтік желілерде отырғанда мынадай нәрсе кездесіп қалды. Мұсылман мынадай сөздер айтпау керек деп: біреуге сәттілік тілеу удачи деп айту ол ширк дейді және қиямет жақындап қалды деп айту. Мен жиі айтқанмын адамдарға сәттілік тілеймін , удачи деп ол расымен ширк болып санала ма? Олай айтуға болмайды ма?
|
Біреуге сәттілік тілеуді «ширк» дейтіндер бар, сол дұрыс па?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Кімге болса да «сәттілік» тілеудің ешқандай әбестігі жоқ. «Сәттілік» тілеу – дұға саналады. Мысалы, мұсылманша амандасудың өзі де «сәттілік» тілеудің бір түрі. Біз бір мұсылманға: «Әссәләмуғалейкум!» – деп амандасқан кезде, қарсы тарапқа: «Сізге есендік тілеймін!» деген боламыз. Бұл да «сәттілік» тілеудің бір түрі. Сол себепті, «сәттілік тілеу – ширк» деушінің бұл сөзі бос әрі негізсіз.
Әлхәмдуллиләһи Раббиль-әләмин!
Өзекті сұрақтар
■
Неге Құранда қанды нәжіс деп атаған?
■
«Күйеуімнің бұрынғы отбасынан болған ересек баласы үйге келгенде хижаб киюім керек пе?»
■
Жұма күні неге екі рет азан шақырылады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Алматы – жер жәннәты» деп айту күпірлік пе?
Көп оқылғандар