Хеллоуинді атап өтудің діндегі үкімі қандай?
Хеллоуинді атап өтудің діндегі үкімі қандай?
2 жыл бұрын 2662

Хэллоуин туралы айтыңызшы! Мұсылмандарға адап өту дұрыс па?

«Хэллоуин» - көне замандағы Британия мен Ирландия жерлерін мекен еткен «келт» халқының мереке ретінде атап өтетін, «самхейн» (самайн) мейрамынан бастау алатын, бейнебір «пұтқа табынушылардың» фестивалі іспетті. Келт халқы самхейн мейрамын қараша айының бірінде атап өтетін болған. Өйткені бұл күнді олар жаңа жылдың бастауы, күз аяқталып, қыстың, яғни, қараңғылық маусымының басталуы деп есептеген. Келт халқының түсінігінше жыл екіге бөлінеді: жарық маусымы және қараңғылық маусымы.

Бұнымен қатар, келт халқы тірілердің әлемі мен өлілердің әлемі арасында бөгет бар деп сенетін. Енді, сол бөгет «самхейн» мейрамы қарсаңында, яғни, 31 қазан күні уақытша жойылады екен да, жыл бойғы бақилық болғандардың рухтары сол түнді күтіп, сол түн келісімен, келесі әлемге өтеді екен, ал алдыңғы жылдардағы рухтар о дүниеден бұ дүниеге уақытша оралып, туыстарын зияраттап қайтады екен. Сол себепті, келт халқы есіктерді ашық қалдырып, стөл айналасындағы орындықтарды бос қалдыратын болған.

Сол түні жаман әруақтар да келетіндіктен, келт халқы оларды қуу үшін дөнестің үстінгі жағына от жағатын, және де, жаман әруақтар оларды танымасын деген мақсатта маска киетін.

Кейіннен келт халқы мекен еткен жерлерді Римдықтар басып алып, өздерінің өлілерді еске алу және астық құдайы «помонаны» еске алу мейрамдарын алып келеді. Бұл өз кезегінде, келт халқының мейрамы мен Римдықтардың мейрамының араласуын туғызды. Осылайша, рух, елес және өлілердің өзара байланысының символы ретінде маскараттық киімдер киіп, көкөністерді әшекейлеу үрдісі қалыптасты.

Осы тұрғыда, хэллоуин күні қорқынышты киімдерді кию дәстүрі – жаман әруақтарды қорқыту үшін киілетіндігін де айта кетелік.

Шариғаттағы үкіміне келер болсақ:

Хэллоуин мерекесін атап өтудің үкімі Ислам дінінде «харам». Күнә іс. Өйткені, Исламда «кім бір қауымға ұқсаса, ол солардан» деген сахих хадис бар. Хэллоуин тойлаған мұсылман пұтқа табынушы мүшрік қауымға еліктеген болады (өйткені келт халқы көп құдайшыл қауым болған). Екіншіден, хэллоуиннің астарындағы жалған наным-сенімдер Исламның сенім-негіздеріне жат. Ал енді мұсылман бола тұра, хеллоуин тойлайтын болсақ - Исламға жат нанымды дәріптеген боламыз. Бұл күнә. Үшіншіден – хеллоуин әдеп-тәрбиеге де қайшы, ұнамсыз нәрсе. Шайтанның тірлігі. Сондықтан да, исі мұсылман халқы үшін хэллоуин мейрамын тойлау дінге қайшы, харам іс.

Абдусамат Қасым