Жұмсақ ойыншықтардың үкімі қалай? Үйде тұрса періште кірмей ме?
Жұмсақ ойыншықтардың үкімі қалай? Үйде тұрса періште кірмей ме?
16 күн бұрын 1633

Ассаляму алейкум ұстаз мягкий игрушкалардың үкімі қалай, үйде болмағаны дұрыс па? Арнайы шкафтарда тұрмайды ойыншық салатынның арасында жатады.

Әлхамдулилләһ. Уассәләту уәссәләму аля Расулилләһ.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Шариғат ғалымдары үйде ойыншықтардың болуының күнәсі жоқ екендігін айтқан. Ойыншықтар періштенің кіруіне кедергі жасамайды. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) заманында да балалар матадан тігіліп, ағаштан ойылып жасалған ойыншықтармен ойнайтын. Ол ойыншықтар үйлерінде тұрушы еді. Алла елшісі (с.а.у.) одан тыймады.

Бастысы тірі заттың мүсіні бейнеленген ойыншықтар биікте емес, төменде тұрса немесе оны жоғары іліп қоймаса болғаны. Себебі, ойыншықты ұлықтамай, қадірсіз етіп көрсететін жерлерде тұруы періштенің үйге кіруіне кедергі келтірмейді дейді дін мамандары.

Мысалы, тірі жанның суреті төсеніш, жастық, кілем, палас сияқты қадірсіз етер жерлерде болса, періштелердің кіруіне кедергі емес. Бұл жайында Ханафи ғалымы былай деген: «Төсеніш секілді қадірсіз етіп көрсететін жерлердегі суреттер періштелердің үйге кіруіне кедергі келтірмейді»[1].  Ойыншықтар да, сол сияқты.

Бұл айтқандарымыз тірі заттың бейнесі бейнеленген ойыншықтарға қатысты, ал мысалы, ойыншық мәшине, ойыншық таппанша сияқты жансыз заттардың бейнесі суреттелген ойыншықтарға ешқандай шектеу жоқ.

Ең дұрысы – Аллаға мәлім! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!


[1] Ибн Ғабидин: «Роддуль Мұхтәр».

Абдусамат Қасым