"Мен намаз оқымаймын, кәпірмін бе?"
"Мен намаз оқымаймын, кәпірмін бе?"
2 жыл бұрын 4642

Ассаляму алейкум! Менде мынандай сұрақ бар. Мен тілімді кәлимаға келтіріп, шәһәданы айттым. Бірақ бес уақыт намазды оқып жүрген жоқпын, алайда намаздың парыздығын жоққа шығармаймын. Мен кәпір саналам ба?  Анон.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Сіз кәпір саналмайсыз, бірақ «күнәһар мұсылман» саналасыз. Намаз оқымау ауыр күнә. Харам іс. Сондықтан да, намазды тезірек бастағаныңыз дұрыс. Жаратушы Иеміз Құдай Тағала Құран Кәрімде: «Айт: «Егер мінәжаттарың болмаса, Раббыларың сендерді не қылсын?!» - дейді[1].  Басқа бір қасиетті аятында: «Жын мен адамды маған құлшылық қылсын деп жараттым» [2], - деп бұйырған. Иманды жанға намаз парыз.


[1] Құран Кәрім: «Фұрқан» сүресі, 77 аят.
[2] Құран Кәрім: «Зәррият» сүресі, 56 аят.

Абдусамат Қасым