Әссәләмуғалейкум! Жерге түскен нанды кейде сүйіп жатамыз. Сол амал діни тұрғыда дұрыс па? Есентай.
|
Нанды сүюге бола ма?
|
Уағалейкумуссәләм!
Құрметті сауал жолдаушы!
Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзінің хадисінде: «Нанды құрметтеңдер!» деп бұйырады. Нанды сүю - құрметтің бір түрі болып есептеледі. Сондықтан да, көпшілік ғұламалар ол істі әбес санамаған. Мысалы, Шәфиғи мәзхабының ғалымдары нанды сүюдың мубах екендігін айта келе, бұл әрекетті құрметтеудің бір түрі деп санаған, ал нанды лақтырудың өзін мәкруһ санайды. Ханафи ғалымдары болса: (وقواعدنا لا تأباه) «Біздің ережелеріміз де оны тыймайды» дей келе, нанды сүюдің рұқсат амал екендігін білдірген1.
1«әл-Мәусуғатуль әл-Фиқһиятуль Куәйтия».
Өзекті сұрақтар
■
Зекет берерде меншігімдегі мал мен ақшаны қосып есептеуім керек пе?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Яжүж бен Мәжуж қай ұлтқа жатады?