|
Өсірген шөптің зекеті бар ма?
|
Өсірген шөптің зекеті бар. Құранда: «Ей, иман еткендер! Кәсіп қылып тапқандарыңның жақсыларынан жұмсаңдар (зекетін беріңдер) және біз сендер үшін жерден шығарған нәрселерімізден де (үшір зекетін) беріңдер» делінген[1]. Сондықтан да, мақсат – жерді игеріп, пайда табу болғандықтан өсірген шөптердің де үшір зекеті берілу керек. Егер өнім қол еңбегімен, су тасып суғарылса өнімнің 5 пайызы (жиырмада бірі), ал жаңбыр, өзен суларымен суғарылған болса, өнімнің 10 пайызы (онда бірі) үшірге беріледі. (Немесе оның құнын ақшалай да беруге болады). Ал арнайы пайда табу үшін екпеген жабайы өскен шөптердің үшірін беруге міндетті емес.
Ең дұрысы – Аллаға мәлім! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!
[1] Бақара сүресі, 267 аят.
islam.kz
Өзекті сұрақтар
■
Зекет берерде меншігімдегі мал мен ақшаны қосып есептеуім керек пе?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Яжүж бен Мәжуж қай ұлтқа жатады?