Өз қабірін алдын ала қазып, дайындап қойса бола ма?
Өз қабірін алдын ала қазып, дайындап қойса бола ма?
3 жыл бұрын 5266

Қабірін алдын ала дайындап қазып қойса бола ма?

Қабірін алдын ала қазып, дайындап қоюдың ағаттығы жоқ дейді кей Ханафи кітаптарында. Тарихта өткен табиғин Омар ибн Абдульазиз, Рабиъ ибн Хайсәм деген тұлғалардың өз қабірлерін қаздырып қойғандары деректерде айтылады[1]. Бұл мәселені «егер өзінің меншігіндегі жер болса, рұқсат» дейтін Ислам ғалымдары бар. Ал бәріне ортақ мазаратта қабірін алдын-ала қазып қою – өзгелердің ақысын шектеу болады дейді олар, өйткені "бұрын қайтыс болған - бұрын ол жерге лайықты".

Дегенмен, кімнің қай жақта өлері белгісіз, сол себепті, қабірін күні бұрын қазып қоюды ұнамсыз көретін ғұламалар да болған. Тіпті, Әзіреті Әбу Бәкірдің (с.а.у.), күрегін қолына алып өз қабірін қазуға бара жатқан адамға: «Өзіңе қабір дайындама. Өзіңді қабірге дайында!» деген астарлы сөзі кітаптарда келтіріледі[2].

Бүгінде кейбір мұсылман елдерінде өзінің келешекте жатар орны үшін қабірстаннан арнайы жер телімін сатып алып қою қажеттілігі туған.


[1] Имам Шүрунбүләли: «Имдәд». 605 бет. 
[2] Хашияту Тахтауи. Бәбу Ахкәмуль Жанаиз.

Абдусамат Қасым