Егер күйеуі көп күнә жасап пейішке кірмесе, айел кісі кірсе, жалғыз бола ма, хор жігіттері жоқ деп жазылғанын оқып едім?
|
Пейішке әйелі кіріп, күйеуі кірмесе, әйелі пейіште жалғыз бола ма?
|
Құрметті сауал жолдаушы!
Күйеуі тозаққа, ал әйелі пейішке кірсе, ол өзі секілді әйелі тозаққа кеткен еркекпен үйленеді немесе бойдақ боп өткен еркекпен үйленеді дейді дін мамандары.
Осы орайда, күйеуі уақытша тозақта болатын жағдайлар да кездеседі. Өйткені, хадисте «кімнің жүрегінде тарыдай иман болса, ол мәңгі тозақта қалмайды» деген1. Жазасын тозақта өтеп болғаннан соң, Алла Тағала рахымдылық жасап, оны пейішке кіргізеді. Мұндай жағдайда пейіштегі әйелі не істейді? Бұған қатысты нақты риуаят кездеспеген. Бірақ, жалпылама ақпараттарға қарап, пейіштегі әйелі ешкімге тұрмысқа шықпай өзінің күйеуін күтуі мүмкін деп жорамалдауға болады. Өйткені, хор қыздар пейіште өздерінің жұбайларын күтеді делінген. Әйелі де хор қыздарымен бірге жарын күтеді деуге болады немесе күтпей өзгеге тұрмысқа шығуы мүмкін. Ол жағы бір Аллаға аян! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!
1Имам Бұхари: "Сахих Бұхари".