Жұма намазында имамның артында ер жамағаты болмаса имамның артында 20 шақты әйел болса, жұма намазы оқыла ма? Еркебұлан.
|
Имамнан бөлек тек әйелдер ғана болса, жұма намазы оқыла ма?
|
Құрметті сауал жолдаушы!
Жұма намазының шарттарының бірі – жамағаттың болуы. Ол – ең аз намазда имам болуға жарайтын үш ер адамнан тұруы шарт. Ал, имамдыққа жарамайтын әйел кісілер, балалар немесе жындылар жұма намазы үшін жамағатқа есептелмейді. Жолаушы үш ер адам болса, жұма намаз оқылады1. Сондықтан да, имамнан бөлек тек әйел кісілер ғана бар болса, имам жұма намазын оқымайды, оның орнына бесін намазын оқиды.
Әлхәмдуллилләһи Раббиль аләмин!
1Имам Сәрәхси: «Мәбсут» - Жұма намазының шарттары. Сәмәнәқи: «Хизәнәтуль Муфтиин» - Жұма намазы бөлімі.
Өзекті сұрақтар
■
Зекет берерде меншігімдегі мал мен ақшаны қосып есептеуім керек пе?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Яжүж бен Мәжуж қай ұлтқа жатады?