Қайтыс болған адамның киімін киюге бола ма?
Қайтыс болған адамның киімін киюге бола ма?
2 ай бұрын 22270

Сәлем бердік! Қайтыс болған кісілердің киімдерін киіп жүрген дұрыс па? Олардың зияны болуы мүмкін бе?

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Мархұм болып кеткен кісінің киімін киюге болмайды дейтін ырымды көбіне ескілікті славян халықтарының нанымымен байланыстырып жатады. Одан қала берді, қайтыс болған адамның киімін кимеу керек дегенді кейбір экстрасенстердің жазбаларынан да кездестіруге болады. Олардың нанымынша өлген адамның киімі үлкен қайғыға алып келеді-мыс. Алайда, мұндай нанымның негізі жоқ. Құр жай соқырсенімділіктен басқа ештеңе емес. Киюге жарамды болса, мархұмның киімін киюдің еш зияны жоқ. Тіпті қазақта «теберік» деп бақилық болған кісінің киімдерін тарқатып жатады. Дінімізде де оған байланысты тыйым айтылмаған. 

Ең дұрысы – Аллаға мәлім!