Ассалямуалейкум! Осы бейіттің басына тас койған кезде, тасқа қайтыс болған адамның суретін қояды. Осы дұрыс па? Жанболат Ахмет
|
Құлпытасқа мархұмның суретін салдыруға бола ма?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Құлпытасқа мархұмның бейнесін бейнелеуге болмайды. Шариғатта құпталмайтын әрекет. Одан басқа, белгі ретінде басына тас қоюға және мархұмның аты-жөнін жазуға рұқсат етіледі[1].
Осы орайда айта кету керек, құлпытастың өзін де барынша қарапайым етіп жасатқан абзал. Қажеттен тыс биіктетіп, қымбат тастардан орнатудың қажеті жоқ. Бұл да қабірді әшекейлеу ісіне жататындықтан, мәкруһ саналады деуге негіз бар.
[1] Фәтәуә әт-Тәтәрхания – 2/130 бет: Имам Әбу Юсуф бастаған кейібір ғалымдар тасқа жазудың өзін мәкруһ санаса, кейбір ғалымдар рұқсат деген.
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?