Суға кеткен адам шейіт пе?
Суға кеткен адам шейіт пе?
10 ай бұрын 4217

Суға кеткен адам шейіт бола ма?

Әлхамдулиллә. Уассаләту уәссәләму аля Расулиллә.

Суға кетіп қайтыс болған мұсылман адам ақыреттік шейіт болып саналады. Оған байланысты хадисте былай делінген:

«Алла жолында қайтыс болған (шейттен) өзге, шейіттер жетеу: Оба індетінен көз жұмған адам - шейіт. Суға батып өлген - шейіт. Өкпе ауруынан (плеврит т.б.) қайтыс болған - шейіт. Іш аурудан қайтыс болған - шейіт. Өрттен қайтыс болған - шейіт. Үйіндінің астында жаншылып өлген - шейіт. Аяғы ауыр кезде (немесе босанар сәтінде) қайтыс болған әйел - шейіт»1.

Осы тұрғыда айта кету керек, «ақыреттік шейіт» үкіміндегі мархұмдар әдеттегідей жуылып, кебінделеді. Сондықтан да, суға батып өлген мұсылманның денесі де жуылып, кебінделуі тиіс. Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!


1Имам Әбу Дәуід: «Сүнән». (15) 3111.

Абдусамат Қасым