Сырқат адам түсінде "Аятуль курсиді" көрсе, ол нені білдіреді?
Сырқат адам түсінде "Аятуль курсиді" көрсе, ол нені білдіреді?
2 жыл бұрын 4979

Ассаламуғалейкум! Намаз оқитын бір апамыз, түсінде «Аятул Курсийді» оқи береді екен. Бірнеше түн солай болып жүр дейді. Мазасы болмай жүр. Бұл түсті қалай жорысақ болады? Едіге.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Науқас кісі түсінде «Аятуль курсиді» оқығанын көрсе, онысы Алланың қалауымен емі бойына дарып, тез арада сырқатынан айығатындығына ишара делінген[1]. Сондай-ақ, Аятуль курсиді түсінде көру – өмірінде жақсы өзгерістердің болатындығын білдіреді деп болжайтындар бар. Перзент сүйе алмай жүргендер түсінде аталмыш аятты көрсе, Алла Тағала перзент нәсіп қылатындығына жорамалданған. Арасы бұзылып, жанжалдасқан ерлі-зайыптылардың түсіне Аятуль курсидің кіруі – жақында татуласатындықтарына жорамалданады.

Ең дұрысы – Аллаға мәлім! Көрер түстеріміз рахмани болсын!


[1] Ибн Шириннің түстер жорамалынан.

Абдусамат Қасым