"Айзада" деген есім не мағына береді?
|
«Айзада» деген есім не мағына береді? Қай тілден келген?
|
Бисмилләһ, уәссаләту уәссәләму аля Расулилләһ.
«Айзада» сөзі - түркі тіліндегі «ай» және парсы тіліндегі «зада» (زاده) сөзінен құралған. Мағынасы: «Айдың баласы», «Айдың перзенті». Зада сөзі парсы тілінде «перзент», «бала» дегенді білдіреді. Қыз баланы да, ұл баланы да қамтиды. Сонда, тілдік тұрғыда «айзада» сөзі ұлға қолданған кезде «айдың ұлы» деген мағынаны білдірмек, ал қызға қолданған кезде «айдық қызы» дегенді ұғындырмақ. Көп елде «Айзада» есімі қыз баласына қойылады. Біздің елде де аталмыш есім қызға тән есімдердің қатарынан. Мағынасы: "Айдың қызы" деген ұғымда.
Ең дұрысы - Аллаға мәлім!
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?