Әртүрлі тақырып төңірегінде қысқа-нұсқа сұрақ-жауап
Әртүрлі тақырып төңірегінде қысқа-нұсқа сұрақ-жауап
7 жыл бұрын 7969

Сайтымызтың хат қоржынына келіп түскен әртүрлі тақырып төңірегіндегі біршама сұрақтардың қысқа да нұсқа жауаптары

- «Қайтқан үйге аяғы ауыр адам баруға болмайды деген» дінде бар ма?

- Дінде жоқ. Аяғы ауыр әйел кісі де барып, көңіл айтуына болады?

- Темекі дәретті бұза ма?

- Темекі дәретті бұзбайды, бірақ оны тарту «харам» үкімін тудырады.

- Тіс суыртқанда ғұсыл алу керек пе?

- Ғұсылды керек етпейді. Дәретті жаңаласа жеткілікті.

- Он бір жастағы балаға азан шақыртып, қамат айттыруға бола ма, үйде?

- Болады. Ес кірген балаға азан айтуға рұқсат. Бірақ, ақыл-есі толыспаған баланың азаны саналмайды.

- Кіші дәретті тұрып сындыру күнә мә, әлде мәкруһ пе?

- Себепсіз – мәкруһ. Үзір себепті болса, рұқсат. Мұндағы мәкруһті «жеңіл мәкруһ» деп түсіндірген ғалымдар бар.

- Әйел адамның дауысы әурет пе?

- Әурет емес.

- Желілік маркетингпен (сетевой маркетинг) айналысуға бола ма?

- Қазіргі таңдағы Ислам ғалымдарының басым көпшілігі аталмыш жүйемен айналысуды құптамайды.

- Дәрет бұзылған кезде қандай жағдайларда іш дәретті де жаңадан алу керек?

- Іш дәрет тек, екі жолдың бірінен нәжіс шыққан жағдайда алынады. Мысалы: үлкен дәрет, зәр, мәзи (смегма), мәни (шәует), уәди. 

- Қаматсыз оқылған парыз намаз дұрыс па?

- Дұрыс.

- Замогы бар мәсіге масиx тартуға бола ма?

- Болады.

- Зам сүресін оқыр алдында "бисмиллах"-ты окимыз ба ? Үкімі қандай?

- Намазда зам сүресінің алдында «бисмиллаһ» айтылмайды. Айтылса да намазға зияны жоқ.

- Күйеуі ұзақ уақытқа сапарға кеткен әйелдің некесі бұзыла ма?

- Некесі бұзылмайды. Кезінде сахабалар бала-шағаларын қалдырып, айлап, жылдап жорыққа аттанатын.  

- Намазда шалбардың балағы тобықтан төмен түссе, «тахриман мәкруһ» пе?

- «Тәхриман мәкруһ» емес.

- Ішік (шуба) киюге бола ма?

- Ішік (шуба) киюге болады.

Абдусамат Қасым