Ассаламуғалейкум! Үйде хомяк (атжалман) асырауға бола ма? Алла разы болсын!
|
Атжалман (хомяк) асырауға бола ма?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Зиянды және әдетте адам баласы сүйкімсіз санайтын жәндіктерді үйде асырауға болмайды. Мысалы, жылан, сарышаян (скорпион), қарақұрт, тышқан т.б.
Атжалманды да тышқанның бір түрі десек, Пайғамбарымыз (с.а.у.) тышқан атаулыны «фәуәсиқ» (залал келтіруші кішкентай жәндік) деп атап, өлтіруді рұқсат еткен[1]. Егер, тышқанды асырап-бағу рұқсат етілгенде, Алла елшісі оны өлтіруді бұйырмас еді. Сол себепті, атжалманды да үйде асырау діни тұрғыда құпталмайды деуге негіз бар. Ең дұрысы - Аллаға мәлім!
[1] Имам Бұхари: «Сахих Бұхари». №1828 хадис: Хафса анамыздан жеткен риуятта Алла елшісі былай деген: «Жәндіктерден өлтірілуі күнә еместер (мыналар): қарға, тышқан, шаян (скорпион) және қабаған ит».
Өзекті сұрақтар
■
Зекет берерде меншігімдегі мал мен ақшаны қосып есептеуім керек пе?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Яжүж бен Мәжуж қай ұлтқа жатады?