"Балық жегеннен кейін айран мен сүт ішуге болмайды" деген хадис бар ма?
"Балық жегеннен кейін айран мен сүт ішуге болмайды" деген хадис бар ма?
1 жыл бұрын 7466

Әссәләмуәләйкум! Балықтан кейін айран немесе сүт ішуге болмайды деген Пайғамбарымыздың (с.а.у) хадисі бар ма?

Әлхамдулилләһ. Уассаләту уәссәләму аля Расулилләһ!

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Құрметті сауал жолдаушы, балықтан кейін айран немесе сүт ішуге болмайды дейтін риуаят кездеспеген. Кейбір елдерде балықпен бірге сүт немесе айран ішсе, тері ауруына шалдығады немесе уланады деген пікір қалыптасқандығы рас. Сондықтан да, балық жегенде сүтті тағамдарды араластырмайтындар бар. Әйтседе, оның залалы қазіргі медицина ғылымында дәлелденбеген. Бәлкім, жекелеген адамдарға және белгілі ауру түрлерімен сырқаттанатын адамдарға залалы болуы мүмкін, ал жаппай бәріне залалы бар дегенге ғылыми дәлел жоқ. Бастысы балық бұзылмаған, таза піскен болуы тиіс. Сонда да, дәрігер маманнан сұрап білген дұрыс болады. Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!

Абдусамат Қасым