Бұрын монша болған үйде тұруға бола ма?
Бұрын монша болған үйде тұруға бола ма?
2 жыл бұрын 2331 фото servus.ua

Ассалаумалейкум! Бұрын сауна-монша қазір жалға беретін пәтер, сондай жерде тұруға бола ма?! Айбын.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Риуаяттарға қарағанда, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мүшріктердің Исламнан бұрынғы ғибадатханасын мешітке айналдырғандығы айтылады1. Осыған қарағанда, бұрын сауна-монша болған ғимаратты, егер, тұруға ыңғайлы етіп қайта жасаған болса, онда тұрудың күнәсі жоқ. Ал егер «моншаны жын-шайтан мекендейді, үйге айналдырған уақыттың өзінде олар қалады» десеңіз, оның да шешімін дініміз айтып қойған. Хадисте: «Үйлеріңді қабірге айналдырмаңдар. «Бақара» сүресі оқылған үйден шайтан қашады» - делінеді2. Сондықтан да, «Бақара» сүресін өзіңіз оқысаңыз да, аудио оқылуын бір пәс қойып қойсаңыз да, Алланың қалауымен үйіңіз жын-шайтандардан тазарады. Азан айтылып, намаз оқылып тұрған үйде де жын-шайтандар болмайды. Алла Тағала барша жұртқа берекесін берсін!


1  Әбу Дәуід: «Сүнән», №450 хадис.
2  Имам Мүслім: «Сахих Мүслім», №780 хадис.

Абдусамат Қасым